Қазақстандық жас шабуылшы Шахмұрат Дәулетов Бельгияның «Генк» клубымен кәсіби келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport+ «Генк» клубының ресми сайтына сілтеме жасап.

17 жастағы футболшы енді «Генк» клубының жастар командасы — «Йонг Генк» сапында өнер көрсетеді. Тараптар арасындағы келісімшарт 2029 жылдың жазына дейін есептелген.

Бұған дейін Шахмұрат Дәулетов «Генктің» 18 жасқа дейінгі жастар командасында ойнаған. Ол U-18 құрамында 24 матч өткізіп, тоғыз гол соққан.