Ақтауда өткен NAIZA 84 турнирі аясында екі чемпиондық жекпе-жек ұйымдастырылды.
Кештің басты жекпе-жегінде ең жеңіл салмақ дәрежесіндегі лига чемпионы Бекжан Әбілқасым қарсыласын нокаутқа жіберіп, чемпиондық белбеуін сәтті қорғады.
Ал кештің қосалқы басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақтағы жаңа лига чемпионы анықталды. Чемпиондық атақты Екібастұздың өкілі Жемуқаев жеңіп алды.
