24 қаңтар күні Токиода ауқымды бокс кеші өтеді. Жапон спортының жарық жұлдызы және қазіргі бокстың үздік шеберлерінің бірі Наоя Иноуэ өзінің WBA, IBF, WBC және WBO белдіктерін қорғайды, деп хабарлайды Sport+.
Оның қарсыласы кореялық Е Джун Ким.
Иноэ екінші жеңіл салмақтағы әлемнің абсолютті әлем чемпионы. Ол украин Александр Усикпен қатар салмақ дәрежесін санамағанда әлемдік рейтингте көш бастап тұр. Иноуэ рекорды 28-0.
Кеш андеркардында тағы да екі белдік сарапқа салынады:
Гоки Кобаяси - Юни Такада - WBO Asia Pacific титулы үшін
Цзинь Сасаки - Секи Сакаи - WBO Asia Pacific және OPBF
Аталмыш бокс кешін Sport+ телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.
