АФК «Қайрат» футзалдан Чемпиондар Лигасының элиталық кезең матчтарына қатысу үшін Хорватияның астанасы Загребке жол тартты, деп хабарлайды Sport+.

Айта кетейік, «Қайрат» В тобына түсті, мұнда олармен бірге «Олмиссум» (Хорватия), «Этуаль» (Франция) және «Динамо» (Загреб, Хорватия) ойнайды. Лига Чемпиондарының элиталық раундының матчтары 2024 жылдың 26 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында Загребте өтеді.

Турнир ережесіне сәйкес, «Төрттік финалына» әр топтан тек бір команда өтеді.

Матчтар кестесі:

28 қараша, 00:30
«Қайрат» – «Этуаль» (Франция)

28 қараша, 21:30
«Олмиссум» (Хорватия) – «Қайрат»

1 желтоқсан, 00:30
«Динамо» (Загреб, Хорватия) – «Қайрат»