63 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Аида Әбікеева Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Sport+.  

Әбікеева 1/8 финалда қытайлық Чжао Шоюйді 5:0 есебімен жеңді.  

Ширек финалда ол түркиялық Эсманур Локпен кездеседі.