Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан China Youth Smash турнирінде қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алан жарыстың жартылай финалына дейін жетіп, жастар арасында екі дүркін әлем чемпионы қытайлық Вен Жуйбомен кездесті.

Бұл матч 4:0 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды. Осылайша Құрманғалиев турнирді қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, ¼ финалда қазақстандық спортшы жастар арасында әлем чемпионы Ли Хеченді 4:3 есебімен жеңген болатын.