Қазақстандық «Alash Pride» лигасы Қырғызстандағы ірі ұйымдардың бірі — GLOBAL EFC лигасымен бірлескен турнир өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+.

Турнир 28 маусым күні Шымкент қаласында өтеді.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Нариман Қалматаев пен Қырғызстан өкілі Сұлтанбек Орозмамат уулу өзара күш сынасады.