Александр Бублик Германияның Галле қаласындағы ATP 500 турнирінің ширек финалына өтті.
Беделді бәсекенің екінші айналымында ол әлемдік рейтингте көш бастап тұрған итальяндық Янник Синнерден басым түсті, есеп 3:6, 6:3, 6:4.
Осылайша Бублик жақында ғана «Ролан Гаррос» ширек финалындағы жеңіліс үшін есесін қайтарды.
Бублик өз мансабында Синнерді екінші рет жеңіп отыр. Ол 13-ші рет Топ-10 қатарындағы спортшылардан басым түскен. Оның ішінде осы маусымда: Андрей Рублёв (Мадрид), Алекс де Минор және Джек Дрейпер («Ролан Гаррос»).
Галледегі ширек финалда Бублик чех Томаш Махачпен күш байқасады.
