Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Australian Open 2025 турнирінің жұптық разрядында екінші айналымға шыға алмады, деп хабарлайды Sport+.

Недовесов Нидерланд өкілі Робин Хасемен жұптасып, үнділік Ширамбалай Нараянасвами мен мексикалық Мигель Анхель Рейес Варелаға екі сетте жеңілді.

Матч 6:4, 6:3 есебімен Үндістан мен Мексика жұбының пайдасына аяқталды.