Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Эквадорлық Гонсало Эскобармен жұптасып, Туринде (Италия) өтіп жатқын Челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Таңертең Недовесов – Эскобар жұбы үнділік Шрирамбалай Нараянасвами мен неміс Андре Бегеманнды 6:4, 6:3 есебімен жеңді.

Түстен кейін қазақстандық-эквадорлық дуэт венесуэлалық Луис Мартинес пен колумбиялық Кристиан Родригесті 7:5, 6:3 есебімен жеңді.

Жартылай финалда Недовесов – Эскобар бірінші ракеткалар Андреас Мьес (Германия) және Нил Скупски (Ұлыбритания) жұбымен кездеседі.