Қазақстандық теннисші Александр Шевченко (ATP 95) Сантьяго (Чили) ATP турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport+.

Турнирдің бірінші айналымында 24 жастағы қазақстандық теннисші аргентиналық Мариано Навонемен (ATP №64) кездесіп, 6:2, 6:2 есебімен жеңілді. Жекпе-жек 1 сағат 7 минутқа созылды.

Енді 1/8 финалда Навоне Босния және Герцеговина өкілі Дамир Джумгурға қарсы ойнайды.