Қазақстандық теннисші Александр Шевченко (ATP 59) Парижде өтетін ATP Masters турнирінің алғашқы іріктеу кезеңінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sport+.

Шевченконың қарсыласы Қытай өкілі Бу Юнчаокете (ATP 76) болды.

Матч Қытай өкілінің екі сетте 6:4, 7:6 (7:5) есебімен жеңісімен аяқталды.

Айта кетейік, басқа қазақстандық теннисші Александр Бублик турнирді негізгі кезеңінен бірінші айналымда бастайды.