Қазақстандық жауынгер, NAIZA лигасының бұрынғы чемпионы Әліби Ыдырыс өзінің әлеуметтік желілерінде UFC матчмейкері Мик Мейнардқа жүгінді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Ей, Мик, менің салмағымда жаңа тұлғалар қажет. Мен дайынмын: кез келген уақыт, кез келген орын, қысқа мерзім немесе үміткерлер сериясы - маңызды емес. Мен сізге Орталық Азиядан үлкен жанкүйерлер базасын әкелемін. Американдық жанкүйерлер менің жекпе-жегіме ғашық болатынына сенімдімін. Сіз маған қалай хабарласу керектігін білесіз», - деді жауынгер.
Әліби жеңілмеген жауынгер және UFC қол қоюға үміткерлердің бірі болып саналады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
