Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Әлімхан Сыздықов жартылай финалға шыға алмады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Отандасымыз ширек финалда Әзербайжан өкілі Сабах Шариатимен күресте қарсыласына 4:0 есебімен жол беріп қойды.

Шариати финалға өтсе ғана Сыздықов жұбаныш белдесуіне қатыса алды.

Еске салайық, Әлімхан Сыздықов алғашқы белдесуінде әлем чемпионатының қола жүлдегері, Еуропа чемпионы, румыниялық балуан Алексук-Чурариуді жеңген еді.