14 шілде күні 2024 жылғы ерлер арасындағы Уимблдон турнирінің жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Финалда испандық Карлос Алькарас серб Новак Джоковичті үш сетте 6:2, 6:2, 7:6 есебімен жеңді.

Осылайша, Карлос өткен жылы да Джоковичті жеңіп, қатарынан екінші рет Уимблдонды жеңіп алды.