Алматыда үстел теннисінен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Olympic.kz сайтының мәліметіне сәйкес біріншілік 26-31 наурыз күндеріне жоспарланған.

Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және еліміздің облыстарынан теннисшілер қатысады.

Жүлделер командалық есепте, жеке, жұптық және аралас сында сарапқа салынады.