Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Алуа Балқыбекова Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

51 келіге дейінгі салмақта Алуа Балқыбекова қарсылас шақ келтірмеді. 

Отандасымыз ақтық сында түркиялық Бусе Наз Чакыроглумен кездесті.

Тартысты жекпе-жектің қорытындысы бойынша Алуа Балқыбекова екі дүркін әлем чемпионы атанды. Қорытынды есеп: 5:0.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын бар. Бұған дейін Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) және Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін) алтыннан алқа таққан еді.