Турнир ұйымдастырушыларынан Wild card алған 17 жастағы Әмір Омарханов ATP Almaty Open жарысының алғашқы айналымында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Sport+.

Амирдің қарсыласы әлемнің 35-ракеткасы, канадалық Габриель Диалло болды. Кездесу 6:3, 6:1 есебімен канадалықтың пайдасына аяқталды.

Сондай-ақ, Әмір Омарханов жұптық сынға отандасы Бейбіт Жұқаевпен бірге қатысады.

Beeline Janymda. Спортта да, желіде де тұрақты мобильді қолдау.