Парижде жастар арасындағы French Open турнирінің алғашқы ширек финалдық жұптары анықталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, қазақстандық Әмір Омарханов ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге Чарли Камю (Франция)/Хайден Джонс (Австралия) дуэтін 7:6 (7:4), 6:2 есебімен жеңді. 1/4 финалдағы қарсыластар кейін белгілі болады.
Ал, Соня Жиенбаева мен Асылжан Арыстанбекова Франция ашық чемпионатынан шығып қалды. Аталмыш жұп алғашқы айналымда Эмерсон Джонс (Австралия)/Виттория Паганетти (Италия) дуэтіне 4:6, 6:4, 7:10 есебімен жеңілді.
