18 жасқа дейінгі Қазақстанның бірінші ракеткасы Әмір Омарханов ITF Juniors J500 сериясындағы беделді Orange Bowl жасөспірімдер турнирінде жұптық сында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+ Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Финалда қазақстандық спортшы ресейлік Тимофей Дерипаскомен жұп құрып, Анри Берно (Швейцария)/Денис Петака жұбын 3:6, 6:1, 10:1 есебімен жеңіп, керемет жеңіске қол жеткізді.

Orange Bowl турнирі жыл сайын АҚШ-тың Флорида штаты, Плантейшен қаласында өтеді. Турнир жасөспірімдер арасындағы бейресми әлем чемпионаты болып саналады. Матчтар ашық алаңда, жасыл топырақ төсенішінде өтеді.