«Амурдың» бұрынғы шабуылшысы Станислав Бочаров «Барыс» қатарына қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Championat.com  сайтына сілтеме жасай отырып.

33-жасар шабуылшы Станислав Бочаров 2024/2025 маусымының соңына дейін «Барыспен» келісім шартқа қол қоюы керек.

Өткен маусымда форвард «Амурда» ойнап, келісім шарт уақыты аяқталған соң тәуелсіз агенттер санатына қосылды. Ол 73 ойынға қатысып, 40 (14+26) нәтижелі ұпай еншілеген.

«Барыс» ҚХЛ жаңа маусымында бес ұпай жинап, Шығыс кестесінде 12-орында.