Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) Орталық ақпарат бюросы статистика бөлімінің деректері мен сараптамалық бағалау негізінде үздік хоккейшілерді анықтау жөніндегі комиссия 2026/2027 жылғы маусымның алтыншы аптасындағы төрт аталым бойынша үздіктерді таңдады, деп хабарлайды Sport+.

Өткен аптада ҚХЛ аясында 28 матч өткізіліп, оған 509 хоккейші қатысты. Олардың қатарында 39 қақпашы, 168 қорғаушы және 302 шабуылшы бар. Бір матчтағы орташа нәтижелілік 4,75 шайбаны құрады.

«Барыс» қақпашысы Андрей Шутов мансабында екінші рет аптаның үздік қақпашысы атанды. Ол өткен аптада екі матч өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. Қақпашының сенімділік коэффициенті 0,5 болды.

Шутовтың қақпасына барлығы 59 соққы бағытталып, ол олардың 98,33%-ын қайтарды. Ал «Сібірге» қарсы кездесуде (1:0) қазақстандық команданың қақпашысы бірде-бір шайба жібермей, «құрғақ» матч өткізді.