Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас бірінші раундта пәкістандық Рома Юсафты нокаутқа жіберіп, WIBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Лукас пен Юсаф жекпе-жекті Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өткізді. Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген, бірақ біріншісінде аяқталды.
Бұл Ангелинаның кәсіби мансабындағы бір жеңіліспен алтыншы жеңісі болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
