Қарағандылық боксшы Анита Адишева бокстан 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионатын жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+.

Финалда Анита Шымкент өкілі Жансая Рахымбердіден басым болды.

Бүгін Қарағандыда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының барлық салмақ дәрежелерінде финал өтеді.