WTA ұйымы US Open турнирінің нәтижесі бойынша жұптық сында әлемдік рейтингті жаңартты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Рейтингте чехиялық Катерина Синякова көш бастады. Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина 8 сатыға көтеріліп, 40-орынға тұрақтады. Қазақстандық теннисшілерден ТОП-100 қатарына Юлия Путинцева (90 орын) да кірді.
