Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина Остин WTA 250 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Алғашқы айналымда Данилина – қытайлық Шуай Чжан жұбы италиялық Луция Бронзетти – қытайлық Сиюй Ванмен кездесіп, бір сағаттан аз уақытта 6:3, 6:0 есебімен ұтты. 

Жартылай финал жолдамасы үшін Анна Данилина – Шуай Чжан аустралиялық Оливия Гадеки – ұлыбританиялық Оливия Николлспен күш байқасады.