Қазақстандық Анна Данилина эстониялық Ингрид Нилмен бірге Испаниядағы Челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Данилина – Нил жұбы ширек финалда жапониялық Нао Хибино мен тайвандық Фан-Сянь Уды 6:3, 6:3 есебімен жеңді.

Атап өту керек, Данилина – Нил жұбы турнирде үшінші номермен себілген. Жартылай финалда олар бірінші себілген америкалық Николь Меличар мен австралиялық Эллен Переспен кездесуі мүмкін.