Қазақстандық теннисші Анна Данилина мен ресейлік Ирина Хромачева Таиландтағы жұптық турнирдің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan. 

Жартылай финалда Хромачева мен Данилина ұлыбританиялық Алисия Барнетт пен Мадлен Бруксты 6:2, 6:3 есебімен жеңді. Ойын 1 сағат 6 минутқа созылды.

Финалда қазақстандық-ресейлік дуэт Юдис Вон Чхон (Гонконг) және Моюка Учижимаға (Жапония) қарсы ойнайды.