Қазақстандық теннисші Анна Данилина Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы ірі турнирдің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сілтеме жасап. 

Жұптық сынның ширек финалында Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге аустралиялық Присцилла Хон мен чехиялық Каролина Муховаға қарсы ойнады.

Қарсылас жұп екі сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті. Есеп: 7:6, 6:3.