Қазақстандық теннисші Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен бірге US Open ширек финалына өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Аталмыш жұп  Тереза Михаликова (Словакия) – Оливия Николлс (Ұлыбритания) жұбын 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Ширек финалда Анна мен Ирина Украина-Латвия жұбы Людмила Киченок – Елена Остапенкомен күш байқасады.

Өкінішке қарай, Данилина миксте турнирдің жартылай финалына өте алмады. Харри Хелиоваарамен бірге олар Тейлор Таунсенд - Дональд Янгке (екеуі де - АҚШ) жол берді.