Қазақстандық теннисші Анна Данилина миксте фин Харри Хелиоваарамен бірге US Open турнирінде жарыс жолына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Аталмыш дуэт алғашқы айналымда Габриэла Добровски (Канада) - Джо Сэлисбери (Ұлыбритания) жұбынан 4:6, 7:6, 10:8 есебімен басым түсті.
Анна мен Харри US Open турниріне 2023 жылы миксте жеңген еді.
