Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина Ирина Хромачевамен жұптасып, мексикалық Гвадалахарада өтіп жатқан WTA 500 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Жартылай финалда Анна мен Ирина дуэті Ивон Кавалье - Реймерс (Испания) – Валерия Страхова (Украина) жұбын 6:1, 6:4 есебімен сенімді түрде жеңді.
Финалда қазақстандық теннисшулер ресейлік жұп Оксана Калашникова (Грузия) - Камилла Рахимова (Ресей) дуэтімен кездеседі.
