Қазақстан хоккей федерациясы «Торпедо» ойыншысы Алексей Зубовты Pro Ligasy аясында аптаның үздік ойыншысы деп атады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Форвард өскемендіктерге қос матчта жеңіске жетуге көмектесіп, төрт шайба соқты: «Бейбарыспен» ойында бір гол және «Ертіс» қақпасына хет-трик.
Ағымдағы маусымда 26-жасар шабуылшы «Торпедо» сапында 24 ойын өткізіп, гол+пас жүйесі бойынша 9+8 ұпай жинады.
