«Alash Pride» лигасы Арман «Сұңқар» Оспановтың Астанада өтетін турнирде октагонға оралатынын хабарлады, деп жазады Sport+.

Қазіргі таңда Арманның қарсыласы белгісіз, сондай-ақ жекпе-жек ММА ережелері бойынша ма, әлде грепплинг бойынша өте ме — бұл да нақтыланбаған.

Оспанов соңғы жекпе-жегін 2022 жылы АҚШ-та өткен Eagle FC турнирінде өткізген.

Sport+ телеарнасы 27 мамыр күні Астанада өтетін турнирді тікелей эфирде көрсетеді.