Академиялық есуден Қазақстан командасының бас бапкері Аслан Құсайынов Париждегі Олимпиада ойындарын қысқаша қорытындылап өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Аталған спорт түрінен сынға түскен Владислав Яковлев 25-орын алған болатын.
«Яковлев осы Олимпиадада төрт рет сынға түсті. Соңғы екі жарыста жеңіске жетті, бұл жалпы есептегі 25-орын. Соңғы бәсекеде 6.59 уақыт көрсеткіші тіркелді. Бұл Владиславтың ең үздік нәтижелерінің бірі. Бар күшін салды. Бұл – спорт, мұнда мықтылар жеңіске жетеді. Кім төрт жыл бойы жақсы дайындалса, соның жолы болады. Елге оралған соң бапкерлер сараптама жасап, қорытынды шығарады. Қателікпен жұмыс істейміз. Кәсіби спорт үнемі жетілуді талап етеді», - дейді бас бапкер.
