«Астана» баскетбол командасы да ВТБ бірыңғай лигасында осы маусымда қатарынан төртінші рет қарсыласқа есе жіберді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Астана» клубы бұл жолы елордадағы «Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Мәскеудің ЦСКА ұжымын қабылдаған. Қонақтар ВТБ лигасының былтырғы маусымының чемпиондары. Қонақтар төрт кезеңде де үстемдік танытты. Сөйтіп 93:48 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Алаң иелері сапындағы ең нәтижелі ойыншы америкалық шабуылшы, Узодинма Утоми болды. Ол матч барысында 15 ұпай жинады. Рустам Мырзағалиев – 9, Джеймс Мюррэй-Бойлс – 8, Григорий Мотовилов – 7 ұпайға ие болды.

Жаңа маусымның басында «Астана» төрт кездесуде де жеңіліп қалды. Қазіргі уақытта олар ВТБ Бірыңғай лигасының турнирлік кестесінің соңғы орынында тұр. Енді «Астана» 6 қазанда өз алаңында «Автодорды» қабылдайды.

ВТБ бірыңғай лигасы. 4-тур

«Астана» (Астана) – ЦСКА (Мәскеу) – 48:93 (18:29, 12:18, 12:28, 6:16).