Ресейлік баскетболшы Андрей Десятников «Астана» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Өткен маусымда Андрей Владивостоктың «Динамосы» құрамында Суперлига чемпионы атанған.  Орта есеппен бір матчта 7.8 ұпай және 1,2 блок-шот алған. Соңғы көрсеткіштер бойында аталмыш ойыншы Суперлиганың үздік ойыншысы болған.

Барлық жас дәрежелеріндегі Ресей құрамасының сапында ойнаған және 2015 жылғы Еуропа чемпионатына қатысқан.