Астанадағы «Тарлан» спорт кешенінде өрт сөндіруші, марқұм Асқар Забикулинді еске алуға арналған турнир өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Алғаш рет хоккейден ұйымдастырылып жатқан бәсекеде Астана қаласының 4 әуесқой клубы жиналды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл Асқар Забикулинді еске алуға арналған алғашқы спорттық сайыс емес. Бұған дейін волейбол, футбол турнирлері де үнемі өтіп тұрған.

Сондай-ақ мемлекет тарапынан 2023 жылы «Қаһарман» атты сериал да түсірілді.

2022 жылы Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі Асқар Забикулин өрт сөндіру кезінде 3 адамның өмірін құтқарғанмен, алған ауыр жарақатынан 20 қараша күні ауруханада көз жұмған.