Қазақстандық жауынгер Асу Алмабаев бразилиялық Матеус Николауды жеңгеннен кейін UFC рейтингінде жоғарылады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

UFC Fight Night 245 турнирі алдында Лас-Вегаста (АҚШ) өткен жекпе-жекте Алмабаев жеңіл салмақта 14-орынды иеленген, ал Николау 7-орында тұрған еді. Жеңістің арқасында Асу бразилиялық спортшыны оның позициясынан ығыстырып, өзі рейтингте жетінші орынға көтерілді.

Асу Алмабаев UFC-де төрт жекпе-жек өткізіп, төртеуінде де жеңіске жетті (біреуі мерзімінен бұрын, үшеуі төрешілердің шешімімен).