Қазақстандық жауынгер Асу Алмабаев UFC жеңіл салмақ рейтингінде бір орынға төмендеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бұл өзгеріс американдық Коди Дарденнің соңғы турнирде жеңіске жетіп, 14-орынға көтерілуімен байланысты. Алмабаев енді 15-орынға жайғасты.
Асудың алдағы қарсыласы, бразилиялық Матеус Николау өз орнын сақтап, рейтингте 7-орында қалды.
