Қазақстандық спортшы Асу Алмабаевтың наурыз айында өтетін UFC турнирінде титулға бұрынғы үміткер австралиялық Стив Эрцег болуы мүмкін, деп хабарлайды Sport+

Ең жеңіл салмақ рейтингінде Алмабаев сегізінші, ал Эрцег тоғызыншы орында. Бұл салмақтағы чемпион белдігі бразилиялық Алешандре Пантожеге тиесілі. Ол 5 мамыр күні Рио-де-Жанейродегі UFC 301 кешінде Эрцегті жеңген еді.  

30-жасар Алмабаев (21-2) UFCдегі төрт жекпе жегінде де жеңіске жеткен. 2024 жылы ол үш кездесу өткізіп, бразилиялық Матеус Николауды жеңген соң топ-10 тізіміне енді.  

29-жасар Эрцег (12-3) екі рет қатарынан жеңілген, соңғы рет жаңазеландиялық Кай Каре-Франсқа нокаутпен есе жіберді.

Бұған дейін "Спорт Шредингера" Алмабаевтың 1 наурыз күні UFC Vegas 103 турнирінде өнер көрсететінін жазған еді.