Шымкентте «Alash Pride» лигасы ұйымдастырған аралас жекпе-жек турнирі — «Alash Pride FC» 110 өтті, деп хабарлайды Sport+.

Тәжікстандық Мұхаммадризвон Кахоров Alash Pride промоушеніндегі үшінші жеңісіне қол жеткізді — ол өзбекстандық Даврон Гуломовты мерзімінен бұрын жеңді.

Қазақстандық жауынгер Георгий Майсурадзе қырғызстандық Жанболот Үзүновты жеңді.

Қазақстандық файтер Рүстем Құдайбергенов ресейлік Алексей Мешковты жеңді.

Ал кештің басты жекпе-жегінде Асылжан Таскет қырғызстандық Нурсултан Мадосмоновты жеңіп, «Alash Pride» чемпиондық белдігін иеленді.