«Alash Pride» пен «Brave» ұйымдарының бірлескен турниріндегі басты жекпе-жекте қазақстандық лиганың жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы Асылжан Таскет өз белбеуін қорғап қалды.

Асылжан төртінші раундта ресейлік Алексей Мешковты нокаутпен жеңіп, осылайша қарсыласынан кеткен есесін қайтарды.