Тимофей Скатов 2024 жылы Australian Open турнирінде өнер көрсеткен тұңғыш қазақстандық теннисші болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Тимофей іріктеудің бірінші кезеңінде босниялық Дамир Дзумхурдан 6:4, 3:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.
Ерлер арасындағы жеребеде Қазақстанның екінші және үшінші ракеткасы Денис Евсеев пен Бейбіт Жұқаев та іріктеу кезеңін бастайды. Біріншісі украиналық Виталий Сачкоға, екіншісі аргентиналық Николас Кикерге қарсы ойнайды.
