Итальяндық теннисші Янник Синнер Мельбурнде ресейлік Даниил Медведевті жеңіп, мансабында алғаш рет «Үлкен Дулыға» сериясының чемпионы атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Аустралиялық ашық ерлер арасындағы шешуші жекпе-жекте Медведев алғашқы екі партияны 6:3 есебімен оңай жеңіп алды, бірақ әрі қарай қарсыласқа жол берді. Жеңілістің алдында тұрған Синнер жиналып, қос нәтидемен жауап берді – есеп екі рет 6:4 болды. Шешуші бесінші сетте ресейлікке күш жетіспеді, ал итальяндық теннисші одан 6:3 есебімен басым түсті.
Бұл бес сериялы кездесу 3 сағат 45 минутқа созылды. Жартылай финалда Медведев Германия өкілі Александр Зверевті – 3:2 есебімен жеңді, ал Синнер әлемдік рейтинг көшбасшысы, Australian Open он дүркін чемпионы серб Новак Джоковичті – 3:1 есебімен жеңген болатын.
