Таиландтың Чианг Мэй қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының төртінші күні Қазақстан құрамасы үшін нәтижелі аяқталды, деп хабарлайды Sport+

63 келідегі спортшымыз Аида Әбікеева 4:1 есебімен Дильфуза Бекованы (Өзбекстан) жеңді. Осылайша Әбікеева бірден жартылай финалға өтті. Демек, кем дегенде қола медаль еншісінде.

Аида 7 желтоқсан күні Таиланд боксшысымен жартылай финалда кездеседі. Бұл қарсылас бүгін жекпе жексіз келесі айналымға өтті.