Омбыда Астана қаласының «Барыс» командасы Блинов Кубогіндегі үшінші жолдастық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Астаналық команданың қарсыласы Челябинск қаласының «Трактор» командасы болды, ол Немировскидің командасын 4:2 есебімен жеңіп шықты.
Бұған дейін «Барыс» осы турнир аясында «Авангардқа» овертаймда (3:4) және «Сибирьге» (0:4) ұтылған болатын.
«Трактор» (Челябинск) — «Барыс» (Астана) 4:2 (2:1, 1:1, 1:0)
