Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Кездесу бүгін, 22 ақпанда елорда уақытымен сағат 19:30-да басталады.
Екі команда бұған дейін 60 мәрте кездескен. Оның 27-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойындарда ресейлік команда жеңіске жеткен.
Турнир кестесінде «Барыс» 65 ойыннан кейін 48 ұпаймен 22-орында тұр. Ал «Автомобилист» 66 ойыннан кейін 78 ұпаймен 10-орында келеді.
Айта кетейік, астаналық клуб соңғы 10 ойынның тоғызында қарсыластарына есе жіберді.
