Елордалық «Барыс» клубы бас бапкер Дэвид Немировскиді қызметінен босатты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Бүгін таңертең «Барыс» Дэвид Немировскиді жұмыстан босатты. Менің түсінуімше, уақытша міндетін Евгений Королев атқаратын болады», — деп жазады дереккөз.

Қазіргі КХЛ маусымында Немировскидің басшылығымен «Барыс» жеті матч өткізіп, тек бір ғана жеңіске жетті.