«Барыс» шабуылшылар Уэйд Эллисон мен Чейз Де Леоны бас тарту драфтына қосты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

48 сағат ішінде КХЛ-дың кез келген клубы хоккейшілерге өз құрамында мансап жалғастыруды ұсына алады.

Ағымдағы маусымда 26 жастағы Уэйд Эллисон КХЛ-дің регулярлық чемпионатында 11 матч өткізіп, екі шайба салды. 28 жастағы Чейз Де Лео 8 кездесуде ешқандай нәтижелі әрекет жасамады.

11 ойыннан кейін «Барыс» Шығыста соңғы орында тұр және тек 5 ұпай жинады.